03 Қаз 2020
"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акциясы

4 қыркүйек күні мектепішілік қоғамдық қауіпсіздік инспекторлары Камешев Тимур Талғатұлы мен Темирова Динара Арманқызы эпидемиялогиялық жағдайға байланысты штаттық режимде білім алып жатырған мектеп алды даярлық тобы оқушылары мен бастауыш сынып оқушыла

4 қыркүйек күні мектепішілік қоғамдық қауіпсіздік инспекторлары Камешев Тимур Талғатұлы мен Темирова Динара Арманқызы эпидемиялогиялық жағдайға байланысты штаттық режимде білім алып жатырған мектеп алды даярлық тобы оқушылары мен бастауыш сынып оқушыларына жол қауіпсіздігімен таныстыру мақсатында танымдық-ақпараттық кездесу шарасын өткізді. Шара барысында инспекторлар жол қатынасындағы сақталу тиіс маңызды ережелер мен жол белгілерінің адам өмірінің қауіпсіздігі үшін маңыздылығы жөнінде пайдалы ақпараттармен бөлісті. Оқушылар шара барысында айтылған нұсқаулықтар мен жадынамаларды ұғынып алуға тырысты. Әсіресе, ата-ананың жетелеуінсіз мектеп автобусымен, қоғамдық маршрутпен мектепке қатынайтын оқушылар үшін көптеген ақпараттар пайдалы бола алғаны қуантады. Балалардың өмір қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіріп, тағылымды шара өткізген мектеп инспекторларына алғысымызды білдіреміз

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар