03 Қаз 2020
"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акциясы

“ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП АВТОБУСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

2020 жылғы 22 қыркүйек пен 25 қазан аралығында бүкіл ел бойынша «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін» ұранымен "Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акциясы басталады.

Акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Қатысушылардың сапалық құрамы: мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, мүдделі мемлекеттік органдардың, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың, ата-аналар қауымдастығының, мекемелердің, еңбек ұжымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті полиция қызметтерінің өкілдері  және т.б.

Баршаңызды осы акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу фактілері болған жағдайда, оның ішінде мектептерге және үйге қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «сенім» телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7172) 742528.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар