08 Қаз 2020
"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акциясы

№ 12 ЖОББМ

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі №159 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету стандартын жүзеге асыру мақсатында «Ж алпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары мен тәрбиеленушілерін тегін үйлеріне және мектептеріне тасымалдауды қамтамасыз ету» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындағы 2020 - 2021 оқу жылында № 12 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларын тегін тасымалдау  туралы  ақпарат.

«Жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары мен тәрбиеленушілерін тегін үйлеріне және мектептеріне тасымалдауды қамтамасыз ету» бағдарламасын жүзеге асырудағы талаптардың орындалуын ұйымдастыруда, мектебімізде Маштаково, Өскен, Кумыска, Новстройка Ветелки, Кумыска ІІ отд, Кардон елді мекендерінен 25 оқушы қамтылып отыр. 

І ауысымда – 21 оқушы

ІІ ауысымда – 4 оқушы

ПАЗ 3205. kz 883AN 07,  УАЗ 220695. kz 880AN 07 - мектептің атокөліктері

Автокөлік жүргізушілердің еңбек өтілдері 5 жылдан жоғары.

  1. Автобус ПАЗ 3205. kz 883AN 07 Саркулов Уразай 
  2. Автобус УАЗ 220695. kz 880AN 07 Абуов Нурлыбек  

Балаларды тасымалдау кезінде оқушылардың мініп түсетін орындары белгіленген маршруттық карта Орал қаланың Деркул кенті әкімі Ж.Т.Жумагалиев пен мектеп директоры К.Р.Хайранова бірлесіп бекітілді. Автокөліктер техникалық тексерістен 22.07.2020ж ТО" Тінәлі" өтілді. Мектеп автокөліктерінің жағдайы жақсы. «Балалар тасымалы» жазуы, жарықтық маяк белгілері, дыбыс сиганлдары, өрт қауіпсіздік құралдары бар, екі дәрігерлік қобдишасы жасақталған

Автокөлік жүргізушілеріне «Мектеп оқушыларын тасымалдау» инструкциясымен таныстырылды. Ата – аналар мен оқушыларға да қауіпсіздік шаралары туралы   айтылып, парақшалар таратылды.

Күнделікті тасымалдау автобустарында Екі ауысымға да кезекшілер тағайындалып, өз міндеттерін уақытылы, әрі жауапкершілікпен атқарады. Тасымалдану оқушыларын тексеру журналы жасақталды, журнал  күнделікті жүргізіліп отырады.

 

Мектеп директоры К.Р.Хайранова

Орындаған: Ж.Н.Насипова

Пайдалы ақпараттық ресурстар