09 Қаз 2020
"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акциясы

Орал қаласының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Оқушылар сарайы базасында балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқи

Орал қаласының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Оқушылар сарайы базасында балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында «Балалар қауіпсіздігі – баршаның міндеті» тақырыбында қалалық семинар оздырылды.
Семинар барысында қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Т.А.Теміршеева «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы туралы мәлімет берді. "Гауһар жолы" қоғамдық бірлестігінің менеджерлері М.А.Камалов пен Э.С.Бекказиева жол белгілері, жолда жүру ережелері, жол қауіпсіздігі туралы баяндап, «Мобильді алаң» презентациясын көрсетіп, «БҚО қауіпсіз жолдар» жобасының оқу бағдарламасымен таныстырды. «Жас инспектор» үйірмесінің жетекшісі Е.Б.Жалғасбаев 2019 жылы Оқушылар сарайында ашылған Балаларға арналған жол қауіпсіздігі» алаңының жұмыс барысымен бөлісіп, «Жол қауіпсіздігі басты назарда» тақырыбында жол қозғалысы ережелерін оқытудың жаңа тәсілдері бойынша сабақ беру үлгілерін көрсетті. Орал қалалық полиция басқармасы жергілікті ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы Д.Т.Мажитова «Жол ережесін сақтау-қауіпсіздік кепілі» тақырыбында баяндама жасап, орын алған жол-көлік оқиғалары туралы, сақтану шаралары мен ережелері туралы айтты.
Семинарды «Гауһар жолы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Г.К.Бисенова «БҚО қауіпсіз жолдар» жобасында атқарылған іс-шаралар туралы баяндап, аяқтады.
Семинарға қала мектептерінің сынып жетекшілері, қосымша білім беру педагогтері және жергілікті ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторлары қамтылып, қатысушыларға жол ережелерін сақтау бойынша оқу құралдары мен жадынамалар таратылды.

@edu_news_qz 

@bqobilim 

@batys_kz 

@uralskakimat 

@abat_shynybekov 

@policebqo 

@up_uralsk 

@a.t.m.70 

@oral_ovp 

@gauhar_zhol

@kht2001

@os_uralsk07

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар