17 Қаз 2020
"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акциясы

Мектепішілік қоғамдық қауіпсіздік инспекторы астауыш сынып оқушыларына танымдық-ақпараттық кездесу шарасын өткізді

4 қыркүйек күні мектепішілік қоғамдық қауіпсіздік инспекторы Абиш Айдана Жубатжановна эпидемиялогиялық жағдайға байланысты штаттық режимде білім алып жатырған бастауыш сынып оқушыларына жол қауіпсіздігімен таныстыру мақсатында танымдық-ақпараттық кездесу шарасын өткізді. Шара барысында инспекторлар жол қатынасындағы сақталу тиіс маңызды ережелер мен жол белгілерінің адам өмірінің қауіпсіздігі үшін маңыздылығы жөнінде пайдалы ақпараттармен бөлісті. Оқушылар шара барысында айтылған нұсқаулықтар мен жадынамаларды ұғынып алуға тырысты. Әсіресе, ата-ананың жетелеуінсіз мектеп автобусымен, қоғамдық маршрутпен мектепке қатынайтын оқушылар үшін көптеген ақпараттар пайдалы бола алғаны қуантады. Балалардың өмір қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіріп, тағылымды шара өткізген мектеп инспекторларына алғысымызды білдіреміз.

Пайдалы ақпараттық ресурстар