27 Қырқ 2023
Жаңалықтар

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданының білім бөлімі» ММ ауданның білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құру үшін комиссия мүшелерін сайлау туралы хабарлайды

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданының білім бөлімі» ММ ауданның білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құру үшін комиссия мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.

Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды, кемінде 7 (жеті) адам. Комиссия құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.

Кандидаттар Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

 1)өтініш (еркін нысанда);

 2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

 3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

 4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

 5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

 Кандидаттар кәсіптік (немесе) қоғамдық қызмет туралы қосымша мәліметтерді ұсынады.

Құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 5 қыркүйектен 25 қыркүйекке дейін басталады.

Құжаттарды электрондық мекенжайға жіберу қажет Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. немесе қағаз нұсқада «Қарасу ауданының білім бөлімі» ММ, Қарасу ауылы, Исаков көшесі 86.

Пайдалы ақпараттық ресурстар