24 Желт 2021
Жаңалықтар

«Жарқыра, жайна жаңа жыл – Тәуелсіз қазақ елінде»

 

24 желтоқсанда Қарасу ауданында Мемлекет басшысының атынан «Жарқыра, жайна жаңа жыл – Тәуелсіз қазақ елінде» атты құттықтаулар және сыйлықтар табыс етілді. Жетім балалар, ата–анасының қамқорлығынан айырылған балалар, оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар арасынан 8 жастан 14 жасқа дейінгі 78 оқушы тәтті сыйлықтан, кітаптардан және ойыншықтардан тұратын сыйлық жиынтықтарын алды.

      Сондай-ақ, 46 мүгедек бала тәтті сыйлықтар алды.

      Аяз ата мен Ақшақар қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, жаңа жылдық сыйлықтарды жеке жеткізуді ұйымдастырды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар