24 Желт 2021
Жаңалықтар

«Жарқыра, жайна жаңа жыл – Тәуелсіз қазақ елінде»

24 желтоқсанда Мемлекет басшысының атынан «Жарқыра, жайна жаңа жыл – Тәуелсіз қазақ елінде» атты құттықтаулар және сыйлықтар табыс етілді. Қарасу ауданының 9 жастан 13 жасқа дейінгі жетім балалар, ата–анасының қамқорлығынан айырылған балалар, оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан он екі оқушысы сыйлық жиынтықтарын алды, оған Қазақстан Республикасы Президентінің атынан құттықтау ашықхаты, планшет, тәтті сыйлық және «Самұрық құсының Сиқырлы қаламы» кітабы (Қазақстанның киелі географиясы туралы кітап) кірді. Төрт бала оқу озаттары: Ижаева Танзила, Муносибшоев Рустам, Гаврилюк Александр, Шоқай Бауржан, сегіз - республикалық, облыстық олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жүлдегерлері: Итаев Рамзан, Мұстафина Аружан, Батталова Анель, Елькина Кира, Ковалева Дарья, Адамян Арэвик, Симакина Данил, Төлебаев Нұрлан.

         Аяз ата мен Ақшақар қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, жаңа жылдық сыйлықтарды жеке жеткізуді ұйымдастырды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар