19 Тамыз 2022
Жаңалықтар

Педагог қызметкерлердің тамыз кеңесі аясында «Мектептердегі тәрбие жүйесіне көзқарасты жаңарту» тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бойынша облыстық секциясы  

 

2022 жылғы 9 тамызда тамыз кеңесі шеңберінде Қостанай қаласында №4 жалпы білім беретін мектеп базасында «Мектептердегі тәрбие жүйесіне тәсілдерді жаңарту» тақырыбында тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бойынша дәстүрлі секция өткізілді.

Секция семинар-практикум форматында өтті, оған облыстың 70-ке жуық педагогы қатысты.

Секция жұмысы барысында буллинг және кибербуллинг мәселелері бойынша 3 топта тренингтік сабақтар, тәрбие жұмысының негізгі бағыттарына SWOT-талдау жүргізілді, жаңа оқу жылындағы тәрбие жүйесіне тәсілдерді жаңарту бойынша ұсынымдар берілді. 

Алаңдарда Амангелді және Ұзынкөл аудандары педагогтерінің отбасы мен мектептің өзара іс-қимылының жаңа форматына көшу шеңберіндегі «Үндестік» облыстық жобасы бойынша тәжірибесі ұсынылған. Жаңа оқу жылында отбасылық тәрбие аясында білім беру ұйымдарымен ынтымақтасатын «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай филиалының қызметі таныстырылды.

Секциялық алаңдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы балаларға қосымша білім беру мен тәрбиелеуді дамыту, инновациялық мектептің өзін-өзі басқару жүйесінің негізгі идеяларын іске асыру, балалардың жасаған әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, Татуласу мектеп қызметтерінің қызметі негізінде толеранттылық, мектеп мұражайларының жұмыс істеуі мен қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Балалар жылы аясында жүзеге асырылатын бастамалар мен іс-шараларға ерекше мән берілді. Іс-шараларға жауапкершілікпен қараған, оларды сапалы және мазмұнды іске асырған, жергілікті жерлерде ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастырған, балалардың жекелеген санаттарын тәрбиелеу және оқыту жағдайларын жақсартуға көмектескен облыс өңірлері атап өтілді.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту факторларының бірі Қостанай қаласының техникалық шығармашылық мектебінің мысалында бастапқы техникалық модельдеуді қарастырды.

Секция қатысушылары адамгершілік-рухани, отбасылық, патриоттық, экологиялық тәрбиені күшейту, қосымша білім беруді дамыту үшін білім беру кеңістігінің ақпараттық ашықтығы бүгінгі күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар