06 Нау 2023
Жаңалықтар

«IT инновациялар балалар көзімен»кинофестивалінің қорытынды кезеңі өткізілді

2023 жылғы 2 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау әдістемелік орталығы»КММ қолдауымен «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты КММ «IT инновациялар балалар көзімен»кинофестивалінің қорытынды кезеңі өткізілді.


Облыстық кинофестиваль екі кезеңде өткізілді. 1 кезең – онлайн, сырттай. Қатысушылар конкурстық талаптарға сәйкес ресімделген конкурстық бейнелерді ұсынды.

Келесі номинациялар ұсынылды:


1) деректі фильмдер;
2) ойын (көркем) кино;
3) анимациялық фильм;
4) әлеуметтік ролик;
5) жарнамалық ролик.


Қазылар алқасының бағалауы бойынша кинофестивальдің 2 күндізгі кезеңіне ауданымыздың үздік бестікке енген оқушылары шақырылды.


Жих Ульяна - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданының білім беру төлінің Октябрь жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 7 «В» сыныбының оқушысы, аудандық кезеңде «Мультипликациялық фильм» номинациясында жеңіске жеткен-бастауыш сынып мұғалімі Е.А. Щекотованың «Марғау армандап үйренеді» авторлық өлеңдері бойынша мультипликация. Жетекшісі-бастауыш сынып мұғалімі Щекотова Елена Александровна.


Савицкая Валентина-Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданының білім бөлімінің Люблин жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 10 сынып оқушысы, аудандық кезеңде «Жарнамалық ролик», «Аграрлық мамандықтарға кіріспе»номинацияларында жеңіске жетті. Жетекшісі-информатика пәнінің мұғалімі Кислюк Антон Александрович.


Қорытынды кезең барысында оқушылар өз жұмыстарын лайықты таныстырды. Содан кейін ашық онлайн-дауыс беру арқылы «IT инновация балалар көзімен» облыстық кинофестивалінің қорытынды кезеңінің жеңімпаздары анықталды.


Біздің мектептердің оқушылары «Шығармашылық тәсіл» номинацияларында жеңіске жетті. Қатысушылар тиісті дәрежедегі сертификаттармен және дипломдармен марапатталды. Жетекшілерге қатысушыларды дайындағаны үшін алғыс хаттар табысталды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар