21 Қар 2023
Жаңалықтар

14 қарашада «Мирас» мәдениет сарайында Республикалық «Жас сарбаз» балалар әскери-патриоттық қозғалысының 5 жылдығына арналған «Қанатты ұрпақ» облыстық жас патриоттар форумы өтті

«ЖАС САРБАЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ӘСКЕРІ-ПАТРИОТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ 5 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ҚАНАТТЫ ҰРПАҚ» ОБЛЫСТЫҚ ЖАС ПАТРИОТТАР ФОРУМЫ

14 қарашада «Мирас» мәдениет сарайында Республикалық «Жас сарбаз» балалар әскери-патриоттық қозғалысының 5 жылдығына арналған «Қанатты ұрпақ» облыстық жас патриоттар форумы өтті.

Іс-шараға 500-ден астам жассарбаздықтар, сонымен қатар «Жас сарбаз» мамандандырылған сынып жетекшілері, ҰБТ ұйымдастырушы-педагогтары, жергілікті соғыс ардагерлері шақырылды.

Мектебіміздің оқушылары жас патриоттар форумына қатысу құрметіне ие болды. Олар НВТП оқытушысы Қатпенов Базарбай Қадырқанұлының жетекшілігімен Эльдар Шаншаров, Дмитрий Вахитов, Дәулет Жиембаев болды.

Форум аясында облыс студенттерін «Жас сарбаз» қатарына салтанатты түрде қабылдау өтті.

Форум талантты жігіттердің, мақсатты жастардың, өз елінің нағыз патриоттарының басын қосты. Бес жыл ішінде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы республика бойынша 200 мыңнан астам баланы біріктірді. Олардың көпшілігі болашақтарын Қарулы Күштермен байланыстырғысы келеді. Жас патриоттарға сәттілік тілейміз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар