21 Қар 2023
Жаңалықтар

14 қарашада Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында. биылғы оқу жылында оқушылардың "BOLASHAQ"аудандық дебат турнирін өткізілді

14 қарашада Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында.  биылғы оқу жылында оқушылардың "BOLASHAQ"аудандық дебат турнирін өткізілді.

Турнирге Железнодорожный, Целинный, Павлов, Станция, Октябрь, Жалғысқан, Ильич, Шолақаша, Жамбыл, Люблин, Ленин, Қарасу, Караман, Қарамырза,Ключевой, Амангелді, Новоселов және Ы.Алтынсарин атындағы мектептердің оқушылары қатысты.

Нәтижесінде жеңімпаздар анықталды-ең жақсылардың ішіндегі ең жақсысы, олар тапқырлығымен, шешендігімен, қысқа және сыйымды сөз өнерімен ерекшеленді.

Америкалық парламенттік форматтағы дебатта І орынды Жиембаева Алмагүл, Бисахметова Әйгерім,Станция мектебі оқушылары, ІІ орынды Корчимкина Виктория мен Мелентьев Евгений, Караман мектебінің оқушылары,ІІІ орынды Сардиванова Елизавета мен Рамазанова Жасмин, Целинный мектебінің оқушылары иеленді.

Спикерлік баллдар қорытындысы бойынша" Үздік спикер " грамоталарымен Станция мектебі өкілдері марапатталды.

Қазақ тіл лигасында аудан атынан Ы. Алтынсарин атындағы  жалпы білім беретін мектептің оқушылары өкіл болады, орыс лигасында Станция мектебі.

Барлық қатысушылар қатысқаны үшін грамоталармен және сертификаттармен марапатталды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар