30 Қар -0001
Жаңалықтар

«Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша ақпарат

2022 жылғы 27 сәуір мен 30 сәуір аралығында, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 134 бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беруге конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы «бұйрығына сәйкес» (бұдан әрі-Конкурс) гранттың мөлшерін және оны беру тәртібін белгілей отырып, конкурстың аудандық кезеңі өтті. Конкурсқа 4 мектептің материалдары ұсынылды: ҚОӘББ «Қарасу ауданының білім беру бөлімінің Қарасу жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; ҚОӘББ "Қарасу ауданының білім беру бөлімінің Шолақаша жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі; ҚОӘББ «Қарасу ауданының білім беру бөлімінің Железнодорожный жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; ҚОӘББ «Қарасу ауданының білім беру бөлімінің Целинный жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Комиссия мүшелері материалдарды келесі критерийлерге сәйкес қарастырды: оқытудыңақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу, сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету, білім беру процесінкадрлармен қамтамасызету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарынжарақтандыру және жабдықтау, білімалушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау, білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мұғалімдер мен басшылардың кәсіби және жеке өзін-өзі жүзеге асыруы үшін, инклюзивті білім алу үшін жағдай жасау, соңғы үш жылда оқушыларды оқытудағы жоғары рейтингтік көрсеткіштер, білім беру ұйымы миссиясының ерекшелігі, білім беру сапасын басқару, білім беру сапасын сыртқы және ішкі бағалау нәтижелері, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру. Ұсынылған материалдардық арау қорытындысы бойынша, дауыс беру нәтижесінде сарапшылар «Қарасу ауданының білім беру бөлімінің Қарасу жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі анықталды Қарасу мектебіне конкурстың облыстық кезеңінен сәтті өтуді тілейміз!

 

Білімбөлімінің әкімшілігі

Пайдалы ақпараттық ресурстар