18 Тамыз 2022
Жаңалықтар

«Экологиялық білім берудегі мұғалімдердің soft skills және hard skills ресурстары» тақырыбына секциясының отырысы өткізілді

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинеті 2022 жылғы 11 тамызда Қостанай облысы педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлеріне және биология пәні мұғалімдері экологиялық білім беруде «Экологиялық білім берудегі мұғалімдердің soft skills және hard skills ресурстары» тақырыбына секциясының отырысы өткізілді.

Іс шара барысында негізгі, педагогтердің басым бағыттары талқыланды: мұғалім-тәлімгер тәжірибесінің эко жүйесі (Якимчук Е.А., Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі» ); ғылыми-зерттеу қызметі: (Иманкулова А.М., «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты»); экологиялық білім мен мәдениеттің интеграциясы (Ковкова И.В. «Қарасу ауданының білім беру бөлімінің Амангелді жалпы білім беретін мектебі», Дальдембаева Г.Т. «Рудный қаласының білім бөлімінің Б. Майлинатындағы №7 мектеп-гимназиясы»; биология пәнін Bilimlend электрондық ресурсымен интеграциялау (Дарьева С.В., «Федоров ауданы білім бөлімінің Кеңарал жалпы білім беретін мектебі»); биология сабақтарында АКТ қолдану Нурмуханбетова Гулим Нагызхановна, «Амангелді ауданының білім беру бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп».

Жалпы, келіссөздер алаңы болып табылатын тамыз кездесуі облыс педагогтеріне өткен оқу жылының қорытындысын шығаруға, пісіп-жетілген және шешілмеген проблемаларды талқылауға, оларды шешу жолдарын талдауға және айқындауға, сондай-ақ одан әрі даму перспективаларын белгілеуге тамаша мүмкіндік берді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар